Сайт
Байдовлетовой 
Кулянхан
Суббота, 25.11.2017, 04:39
| RSS
Главная | Педагогическое эссе
» Меню сайта

» Мини-чат

» Плеер

» Наш опрос
Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата.
Всего ответов: 82

» Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

» Форма входа

Эссе о учителе
Ұстаз – ұлы ұғым
 
       Ұстаздың еткен жалықпас, үйретуден балаға.
Абай
          Мұғалім - әрбір адам өміріндегі ең маңызды тұлға. Ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы ең алдымен жақсы ұстаздан!», жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындата отырып, жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі зор екендігі сөзсіз. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
        Ұрпақ тәрбиесі дегеніміз келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу.Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек жақсы, білімді мұғалімнің арқасында ғана әрбір оқушы жоғарыдан көрініп, білім ала алады.Ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұлағатты ұстаздық жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай, өмірге дұрыс жолдама беріп, бағыт-бағдар көрсетеді.
        Мұғалім болу үшін - талап болу керек. Қай адамның балалармен жұмыс істеуге қабілеті бар - сол адам ғана мұғалім деген атаққа ие бола алады. «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата - анаға бала қадірлі» дегендей болашақ ұрпақты тәрбиелеу мұғалімдер қауымнан терең білім мен үлкен шеберлікті талап етеді. Мұғалім еңбегі адамзат қызметінің өте маңызды да күрделі түрі екені даусыз, ол жүрек жылуы мен күш-жігерді, тіпті уақытпен санаспай еңбек етуді қажет етеді. Күнделікті қызметінде жас ұрпақ бойына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіріп, рухани байлықты, ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіруге бар күш-жігерін жұмсайды. Ең алдымен ұстаз өзінің ісімен, өзінің сөзімен тәуелсіз еліміздің болашағын ойлайтын, Отан беріктігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелейді.
      Ұлы адамдар ұстаздар туралы
       Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім».
         Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Мұғалім маған бәрінен де қымбат, өйткені, ол – мектептің жүрегі».
        Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі». Орыстың көрнекті педагогы К.Д. Ушинский: «Мұғалім – зор тұлға. Ол күннің құдыретті сәулесі сияқты». Қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы: «Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз».
» Социальные закладки

» Праздники дня

» Поиск

» Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Все для веб-мастера
  • Программы для всех
  • Мир развлечений
  • Лучшие сайты Рунета
  • Кулинарные рецепты


  • Байдовлетова Кулянхан 2011© 2017
    Бесплатный конструктор сайтов - uCoz